fbpx

KZ

2021 жылғы 30 қаңтарда жаңа туған қызды Өскемен қаласының ауруханасына тасымалдау үшін Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылына медициналық авиацияның мобильдік бригадасы ұшып шықты.

Жаңа туған нәрестенің анасы жүктіліктің 35-аптасында Ақсуат ауылының ауруханасына шұғыл түсті. Бала тыныс алу жеткіліксіздігі анықталуымен шала туылып дүниеге келді және дереу респираторлық қолдауға қосылды.

Сол күні кішкентай пациентті медициналық авиация фельдшері мен неонатолог дәрігердің алып жүруімен медициналық авиация борты арқылы Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының Ана мен бала орталығына тасымалданды. Мұндай қажеттілік бала денсаулығының ауыр жай-күйіне және оны күту мен туған жеріндегі мекемеде емдеу үшін мамандандырылған медициналық жабдықтың болмауына байланысты шақырылды.

Ең кішкентай пациенттерді жеткізу үшін медициналық авиацияның әуе кемелері арнайы кювездермен-көліктік инкубаторлармен жабдықталған, онда жаңа туған нәресте үшін оңтайлы температура мен оттегін автоматты түрде қолдайды. Бұл жағдайлар тасымалдау кезінде оңтайлы қауіпсіз және жайлы жағдай жасауға көмектесесді.

2020 жылы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының күшімен патологиялық жай-күйі бар 392 нәрестеге көмек көрсетілді, бұл медициналық авиация пациенттерінің жалпы санының 10% - ын құрайды.

FaLang translation system by Faboba