fbpx

KZ

2021 жылғы 21 қаңтарда 1970 жылы туған пациентке шұғыл операция жүргізу мақсатында Петропавл қаласындағы Көпбейінді қалалық аурухананың травматолог-дәрігерін Солтүстік Қазақстан облысы Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Аудандық ауруханасына жеткізу үшін медициналық авиация нысанында ұшу ұйымдастырылды.

13 қаңтарда аудандық аурухананың хирургия бөлімінің стационарына алабай тұқымды ит тістегеннен әйел келіп түсті. Қарап-тексеру кезінде зардап шегушінің денесінде көптеген ашық жыртылған жаралар болды. Жалпы жай-күйі ауырсыну және геморрагиялық синдромдарға байланысты ауыр деп бағаланды. Осыған ұқсас операцияны жүргізу үшін қажетті бейіндегі медицина мамандарының болмауына және пациентті облыстық ауруханаға тасымалдау мүмкін еместігіне байланысты аудандық аурухана басшылығы оқиға орнында жедел емдеу жүргізу үшін өзіне травматолог дәрігерді шақыру қажеттігі туралы шешім қабылдады. Операция асқынусыз жүргізілді. Травматолог дәрігер операциядан кейінгі одан әрі емдеу бойынша қосымша ұсыныстар берді.

Егер пациент тасымалдауға мүмкіндік бермейтін, ауыр жай-күйде, бейінді бөлімшеден үлкен қашықтықта болса, өңірлік дәрігерлер қажетті әдістемелерді, біліктіліктерді меңгермеген немесе бейінді мамандары жоқ болса, орнында операциялар жасау үшін жоғары білікті мамандардың медициналық авиация желісі арқылы ұшуы жүзеге асырылатынын еске сала кетеміз.

FaLang translation system by Faboba