fbpx

KZ

2021 жылғы 27 қаңтарда сағат 23-тен 13 минут кеткенде Атырау қаласының Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының «103» пультіне 1966 жылы туған ер адамның денсаулық жай-күйінің нашарлауы туралы шағым түсті.

Диспетчер шоктың даму қаупі мүмкіндігін анықтады. 10 минуттан кейін құрамында екі фельдшер бар медицина қызметкерлерінің бригадасы пациентке жетті. Шақыруға келген медицина қызметкерлері дереу пациентті қарап-тексере бастады. Қарап-тексеру және жүрек электрокардиограммасын жүргізу нәтижелері бойынша пациентте жіті коронарлық синдром расталды. Жүрек-қан тамырлары ауруларының асқынуын ескере отырып, ЖМЖ бригадасы алгоритмге сәйкес дереу медициналық көмек көрсетуге кірісті, орнында бірден тромболитикалық терапия жүргізді. Содан кейін шұғыл түрде пациент Атырау облыстық кардиологиялық орталығына жеткізілді, онда одан әрі тексеріп-қарау және емдеу жүргізіледі.

Жедел коронарлық синдромға уақтылы медициналық көмек көрсету жүрек бұлшықетінің жұмысын сақтауда және адам өмірін құтқаруда шешуші фактор болып табылады. Алғашқы көмек көрсету және кәсібилікке үйрету дағдыларының арқасында жас мамандар бригадасы ауру патологиясына уақытында диагноз қойып, жүрек бұлшықетінің одан әрі зақымдануының алдын алды.

FaLang translation system by Faboba