fbpx

KZ

2021 жылғы 22 қаңтарда ауыр халдегі пациентті Қарағанды ауруханасына тасымалдау үшін Жезқазғаннан медициналық авиацияның мобильді бригадасының өңірлік ұшуы шұғыл ұйымдастырылды.

1988 жылы туған әйел тұрмыстық термиялық күйік алды, пешті тұтату кезінде жарылыс болды. Жарақат нәтижесінде дене бетінің 30-39% күйді. Пациент Жезқазған қаласындағы көпбейінді аурухананың қабылдау бөлімшесіне жеткізілді. Күйік жараларының көлемі мен тереңдігін, сондай-ақ қатты күйік шокын ескере отырып, анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне емдеуге жатқызылды.

Медицина қызметкерлерінің жоғары жеделдігі мен кәсіпқойлығының, сондай-ақ медициналық авиацияның мобильді бригадасының жоғары біліктілігі мен тәжірибесінің арқасында әйел жедел емдеу жүргізу және мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының Профессор Х.Ж. Мұқажанов атындағы Көп бейінді ауруханасына медициналық авиация желісі арқылы сәтті тасымалданды.

2020 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының қызметі басталғаннан бері медициналық мамандар медициналық авиация нысанында 23 414 пациентке, оның ішінде 4797 (20%) түрлі жарақаттары бар пациентке (оның ішінде ЖКО кезінде зардап шеккендерге 1880) медициналық көмек көрсеткенін атап өтеміз.

FaLang translation system by Faboba