fbpx

KZ

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы 2021 жылғы 18 қаңтарда ауыр халдегі екі науқасты Нұр-Сұлтан қаласының клиникасына тасымалдау үшін Семей қаласынан медициналық авиация желісі арқылы ұшуды ұйымдастырды.

2009 жылы туған пациент аудандық ауруханада емделуден өткен, содан кейін жай-күйінің нашарлауына байланысты медицина мамандарының консилиумынан кейін медициналық авиация желісі арқылы «Семей медицина университеті» КеАҚ университеттік госпиталіне тасымалданды. Пациенттің жай-күйі ауыр деп бағаланды.

2015 жылы туған екінші пациент, 2021 жылдың 12-15 қаңтар аралығында Аягөз ауданының ауданаралық ауруханасында емделуде жатқан. Одан кейін шұғыл көрсетілімдер бойынша «Семей медицина университеті» КеАҚ университеттік госпиталінің стационарына тасымалданды. Пациенттің жалпы жай-күйі – ауыр.

Екі пациентке де республикалық деңгейдегі медициналық мекеме жағдайында жоғары технологиялық медициналық көмек қажет болды. Жағдайлардың шұғылдығын, жай-күйінің ауырлығын және қашықтықтың ұзақтығын ескере отырып, пациенттер Семей қаласынан әуе көлігімен Нұр-Сұлтан қаласына Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының онкогематология бөлімшесіне жеткізілді. Ұшу барысында пациенттерді Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының жоғары білікті және тәжірибелі дәрігерлерінің мобильді бригадасы алып жүрді.

Медициналық авиация нысанындағы медициналық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ұсынылатынын естеріңізге сала кетейік.

FaLang translation system by Faboba