fbpx

KZ

Қазақстан Республикасының 1952 жылы туған азаматы 2020 жылғы 7-19 желтоқсан аралығында Қырғыз Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы И.К.Ахунбаев атындағы Ұлттық госпиталі клиникасының іріңді хирургия бөлімшесінде стационарлық емделуде болды.

2020 жылғы 8 желтоқсанда іріңді-некроздық жара бойынша операция жасалды. Операциядан кейінгі кезеңде 10-шы тәулікте пациентте тыныс алу жеткіліксіздігі пайда болды, осыған байланысты жай-күйінің ауырлығы бойынша 17 желтоқсанда реанимацияға ауыстырылды.

19 желтоқсанда рентгенологиялық көріністің нашарлауына байланысты карантиндік-казармалық жағдайда Ұлттық госпитальдің Республикалық урология ғылыми орталығына ауыстырылды. Пациенттің жалпы ауыр жай-күйін, оттегіге тәуелділігін ескере отырып, медициналық мамандар одан әрі емдеу үшін егде жастағы ер адамды отанына жедел жеткізу туралы шешім қабылдады.

Пациенттің қызынан Қырғыз Республикасындағы ҚР азаматы - әкесіне әуекөлік арқылы көмек көрсету туралы келіп түскен сұранымы негізінде белгіленген рәсімдер шеңберінде пациентті медициналық авиация желісі бойынша тасымалдау мүмкіндігі туралы мәселе қаралды. Осыдан кейін 28 желтоқсанда Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы әуе кемесінің ұшуын ұйымдастырды. Пациент Алматы қаласының № 7 Қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді.

Жол бойы ер адам медициналық авиацияның мобильді бригадасының үздіксіз бақылауында болды.

Тасымалдауға Қырғыз Республикасындағы ҚР Елшілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Сыртқы істер министрлігі ықпал етті.

Алдын ала қорытынды деректер бойынша 2020 жылдың 12 айында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының күшімен 2175 ұшу жүзеге асырылды, оның ішінде – 13-і шетелде ауыр халде жатқан пациенттерді тасымалдау үшін орындалғанын атап өтеміз.

FaLang translation system by Faboba