fbpx

KZ
Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы Ұлттық аккредиттеуден I санатқа ие бола отырып сәтті өтті.

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы денсаулық сақтау жүйесіндегі ұлттық сапа стандарттарының талаптарына сәйкес аккредиттеу рәсімдерінен сәтті өткендігі туралы жаңалықпен бөлісуге асығуда. Сыртқы кешенді бағалау нәтижелері бойынша ҰШМҮО І біліктілік санаты расталды.

Аккредиттеуді денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу стандарттарының басты әзірлеушісі болып табылатын денсаулық сақтау саласындағы сапа жөніндегі аккредиттеу орталығы, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы сыртқы кешенді бағалау сарапшыларын даярлауды жүзеге асыратын орган жүргізді.

Өткізілген аккредиттеу рәсімі ҰШМҮО-ның белгіленген сапа стандарттарына сәйкестігін растайды, пациенттердің жоғары сапалы және қауіпсіз қызметтерді алуға құқығын іске асырады, сондай-ақ халықтың жоғары сенімділік деңгейін қамтамасыз етуге және медициналық ұйымның бәсекеге қабілеттігін арттыруға мүмкіндік береді.

Отандық аккредиттеу тәжірибесі әлеуметтік, саяси және медициналық ортадағы өзгерістерге бейімделіп, үздіксіз дамып келеді. Аккредиттеу ҰШМҮО қызметкерлеріне үнемі өзін-өзі жетілдіруі, кәсіби дамуы, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға ұмтылуы, пациенттердің қанағаттануы үшін уәждемені қамтамасыз етеді. Осының барлығы ҰШМҮО-ның тиімді, сенімді, әлеуметтік жауапты, пациентке бағдарланған шұғыл медициналық көмек қызметі ретінде қалыптасуына ықпал етеді.

FaLang translation system by Faboba