fbpx

KZ

Медициналық авиация борты бес күндік жаңа туған нәрестені шұғыл түрде Нұр-Сұлтан қаласының клиникасына жеткізді 2020 жылғы 6 желтоқсанда бес күндік нәресте ҚР медициналық авиация желісі бойынша шұғыл түрде Тараздан Нұр-Сұлтан қаласына тасымалданды. Тараз медициналық мекемесінде 1 желтоқсанда туа біткен жүрек ақауы бар нәресте дүниеге келді. Босанғаннан кейінгі кезеңде жаңа туған нәрестеге жай-күйі тұрақталғанға дейін қажетті медициналық көмек көрсетілді. Жоғары білікті медициналық көмек көрсету үшін сәби медициналық авиация күшімен операциялық түзету үшін Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың кардиохирургия бөлімшесіне жеткізілді. Мұндай қажеттілік нәресте денсаулығының ауыр жай-күйіне және кардиологиялық емдеу жүргізу үшін қажетті медициналық жағдайлардың болмауына байланысты туындады. Тасымалдау процесі барысында кішкентай пациентті медициналық авиацияның мобильді бригадасы және кардиореаниматолог дәрігер алып жүрді. Жаңа туған нәрестелерді тасымалдау кезінде дәрігерлердің басты міндеті – баланың өмірлік көрсетілімдеріне және дененің температуралық режиміне тұрақты мониторинг пен қолдауды қамтамасыз ету. Жоғары жеделдіктің, сондай-ақ барлық жұмылдырылған мамандардың тәжірибесі мен кәсіпқойлығының арқасында сәби одан әрі емделу үшін Нұр-Сұлтан қаласының клиникасына сәтті жеткізілді. 2020 жылғы 11 айда медициналық авиация күшімен қажетті медициналық көмек көрсету үшін ҚР әртүрлі өңірлерінен 282 нәресте сәтті тасымалданғаны туралы атап өту қажет.

FaLang translation system by Faboba