fbpx

KZ

Семей қаласының жедел медициналық жәрдем фельдшерлері үйде босандырды. Босанатын әйелдерді үйде шұғыл босандыру жағдайлары жиі кездеседі. Осындай жағдайлардың бірі 2020 жылғы 18 қарашада Семей қаласында орын алды. Сағат 6: 10-да жедел жәрдем станциясына жүктіліктің 34-ші аптасындағы жүкті әйел ішінің ауырсыну бар шақыру түсті. 12 минуттан кейін бригада белгіленген орынға келді. Жедел жәрдем дәрігерлері келгенде пациенттің жай-күйі қанағаттанарлық болды, толғақ байқалды, суы кетіп қалған. Келген бригада босанатын әйелді тексеріп, оны ауруханаға жеткізуге үлгермейтіндерін түсініп, оқиға орнында шұғыл босандыру шешімін қабылдайды, босану тез болды. ЖМЖ бригадасының ұйымдастырылған және кәсіби іс-әрекеттерінің нәтижесінде салмағы шамамен 2100 грамм және бойы шамамен 50 сантиметр шекесі торсықтай сап-сау сәби дүниеге келді. Көрсетілген медициналық көмектен кейін жаңа туған нәрестесімен пациентті одан әрі бақылау және тексеру үшін перинаталдық орталыққа жеткізді

FaLang translation system by Faboba