fbpx

KZ

«Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» ШЖҚ РМК институционалдық аккредиттеу шеңберінде білім беру сапасын қамтамасыздандыру бойынша Тәуелсіз агенттігімен (IQAA) үш жыл мерзімге сәтті аккредиттелді. Институционалдық аккредиттеу – бұл аккредиттеу органының білім беру ұйымының сапасын мәлімделген мәртебеге және аккредиттеу органының белгіленген стандарттарына сәйкестігін бағалау процесі. Институционалдық аккредиттеу шеңберіндегі негізгі артықшылықтар мынадай критерийлермен белгіленеді: 1. Қазақстандық білім беру қызметтері нарығында имиджді дамыту және бәсекелестік ұстанымдарды нығайту. 2. Орталықтың халықаралық мәртебесін растау, білім беру мен қызметтердің жоғары сапасына кепілдік беру, халықаралық талаптарға сәйкестік. 3. Білім беру кеңістігінде басқа университеттермен ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейту. 4. Негізгі мүдделі тараптардың (әлеуетті тапсырыс берушілердің, тыңдаушылар мен жұртшылықтың) білім беру бағдарламаларының нәтижелілігі мен тиімділігіне сенімін арттыру. 5. Қадағалау органдарының өкілдері тарапынан сенім дәрежесін арттыру. 6. Күшті және әлсіз жақтарын қамтитын сараптамалық қорытынды және білім беру бағдарламаларын жетілдіру үшін әр стандарт бойынша ұсыныстар алу. 7. IQAA тарапынан бағдарламаларды жетілдіруде, білім беру қызметтері нарығында орталықтың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қызмет ететін инновацияларды енгізуде кәсіби көмек. 8. Нұсқаушы құрамды сапаны қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа тарту. Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін арттыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. 2020 жылғы қараша айында Ұлттық стандарттарға сәйкес аккредиттеуден өту жоспарланған.

FaLang translation system by Faboba