fbpx
103

Ғылым және білім

Астанада Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қаланы көгалдандыру жұмыстары жалғасуда.
Бұл жолы «Астана Тазалық» ЖШС мен Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының мамандары бірлесіп, орталық аумағына 100-ге жуық қылқан жапырақты және жапырақты ағаш көшетін отырғызды.
Ағаш отырғызылған аумақтың да өзіндік маңызы бар. Мұнда күн сайын медициналық көмек алатын пациенттер мен олардың жақындары болады. Жасыл әрі абаттандырылған орта қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға өз үлесін қосады.
Ең бастысы – ағаш отырғызумен жұмыс аяқталмайды. «Астана Тазалық» мамандары көшеттердің жағдайын тұрақты бақылап, қажетті күтім мен суару жұмыстарын жүргізеді. Бұл олардың жерсінуіне және ұзақ мерзімді сақталуына мүмкіндік береді.
Таза әрі жасыл қала – баршамызға ортақ жауапкершілік. Бүгін отырғызылған әрбір ағаш – ертеңгі Астананың жасыл келбетіне қосылған үлес.
«Таза Қазақстан» – тазалық қана емес, туған қалаға деген қамқорлық пен ортақ іске жауапкершілік мәдениеті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Астана Тазалық (@astana_tazalyk_resmi)