Орталығымызда Қазақ халқының ұлы ағартушысы, ғалым, ұстаз, қоғам қайраткері, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне және Қазақстан халқының Тілдер мерекесіне орай челлендж өткізілді.
Тіл – ұлттың рухани қазынасы, халықтың болмысын айқындайтын баға жетпес құндылық. Ана тілінің мәртебесін көтеріп, оның қадір-қасиетін дәріптеу – әр азаматтың парызы.
Ахмет Байтұрсынұлының «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл» деген тағылымды сөзі бүгінгі ұрпаққа да үлкен ой салады.
Челлендж барысында қатысушылар ұлт ұстазының мұрасын насихаттап, қазақ тілінің қадірін арттыруға өз үлестерін қосты.
Тіліміз – тірегіміз, ұлттың ұлы мұрасы!
Баршаңызды Тілдер мерекесімен құттықтаймыз!
Посмотреть эту публикацию в Instagram