ҰШМҮО мамандары Шанхай қаласында біліктілігін арттырды
Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының мамандары Қытайдың Шанхай қаласында заманауи роботтандырылған эндоскопиялық хирургиялық жүйелерді пайдалану бойынша оқу курсын сәтті аяқтады.
Бірнеше күн бойы мамандар теориялық және практикалық дайындықтан өтіп, жабдықты баптау және іске қосу, эндоскопиялық құралдармен жұмыс істеу, сондай-ақ роботтандырылған технологияларды қолдана отырып хирургиялық араласуларды жүргізудің заманауи тәсілдерін меңгерді.
Оқу қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға арнайы дайындықтан өткенін растайтын сертификаттар табысталды.
Алынған білім мен практикалық тәжірибе заманауи хирургиялық технологияларды одан әрі дамытуға және әлемдік озық тәжірибелерді ҰШМҮО жұмысына енгізуге маңызды қадам болады.