fbpx
103

Ғылым және білім
Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы 2026-2029 жылдарға арналған Ұлттық аккредиттеудің жоғары санатын алды. Бұл – Орталықтың медициналық қызмет көрсету сапасы, пациент қауіпсіздігі, басқару жүйесі және көрсетілетін қызметтердің белгіленген стандарттарға сәйкестігін растайтын маңызды жетістік. Аккредиттеу рәсімі барысында «Сапа және аккредиттеу» сарапшылары үш күн бойы Орталықтың қызметіне кешенді бағалау жүргізді. Тексеру нәтижесінде ұйым жұмысының белгіленген талаптарға сәйкестігі жоғары деңгейде екені бағаланды. Жоғары санаттың берілуі – Орталық ұжымының кәсіби еңбегінің және медициналық көмектің сапасын үздіксіз арттыруға бағытталған жұмысының нәтижесі.