Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының Гинекология департаментінің басшысы Аскарова Жанар Дабылбайқызы өз бөлімшесінің жұмыс ерекшеліктері туралы айтып берді.
Бейнероликте Жанар Дабылбайқызы департамент жұмысының ұйымдастырылуымен таныстырып, бөлімшеге пациенттердің қандай диагноздармен түсетіні, оларға көрсетілетін медициналық көмектің түрлері, сондай-ақ күнделікті тәжірибеде қолданылатын заманауи диагностика және емдеу әдістері туралы баяндайды.
ҰШМҮО Гинекология департаменті халықаралық стандарттарға сәйкес заманауи диагностика және емдеу әдістерін қолдана отырып, пациенттерге сапалы, уақтылы және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетеді. Сонымен қатар әрбір пациентке жеке көзқарас пен кешенді емдеу тәсілін қамтамасыз етеді.