Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының Нейрохирургия және неврология департаментіне ауыр жағдайда пациент түсті. Ол бірнеше күн бойы жоғары білікті мамандардың бақылауында болып, қажетті ем қабылдады. Медициналық команданың кәсібилігінің арқасында пациенттің жағдайы айтарлықтай жақсарды.
Пациент алғыс ретінде емдеуші дәрігерге, бөлімшенің медицина қызметкерлеріне және барлық персоналға жоғары кәсібилігі, мұқият қарым-қатынасы, жанашырлығы мен қолдауы үшін шынайы ризашылығын білдірді.
Пациентке тезірек сауығып, денсаулығының толық қалпына келуін тілейміз!