Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы Нейрохирургия және неврология департаментінің басшысы Дүйсенбаев Еркін Нартайұлы орталықтың негізгі құрылымдық бөлімшелерінің бірі саналатын департаменттің жұмысымен таныстырды.
Бейнеролик барысында Еркін Нартайұлы департаментке келіп түсетін пациенттерге медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру ерекшеліктерін таныстырып, нейрохирургия және неврология салаларында қолданылатын заманауи емдеу әдістерін, сондай-ақ жаңа диагностикалық технологиялардың мүмкіндіктерін көрсетті.
Сонымен қатар, операциялық блоктың жұмысына, оның жоғары технологиялық медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілуіне және күрделі нейрохирургиялық операцияларды орындаудағы заманауи тәсілдерге ерекше назар аударылды.