fbpx
103

НКЦЭМ

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы

© НКЦЭМ — Национальный координационный центр экстренной медицины Скорая помощь: 103

2026 жылғы 11 шілдеде Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының акушерлік департаментінің ашылғанына бір жыл толды.

Осы мерейлі күнге орай ҰШМҮО-ға департаменттің алғашқы емделушісі және орталығымыздың қабырғасында дүниеге келген алғашқы сәби — Кәусар есімді қызымен бірге шақырылды.

Мерекелік шараның ерекше сәті кішкентай Кәусарға қазақ халқының ең әсерлі ұлттық дәстүрлерінің бірі «Тұсау кесер» рәсімінің жасалуы болды. Бұл рәсім баланың өмір жолының ашық, болашағының жарқын, тағдырының бақытты болуын тілейтін ізгі дәстүр болып табылады.

Басқарма Төрағасының медициналық бөлім жөніндегі орынбасары Айтмолдин Батыр Айтмолдинұлы отбасын айтулы күнмен құттықтап, зор денсаулық, бақыт пен амандық тіледі. Сондай-ақ, кішкентай Кәусарға батасын берді. «Тұсау кесер» рәсімін өткізу құрметі акушерлік департаменттің басшысы Қажыбекова Гүлнар Болатқызына бұйырды.

Департаменттің бір жылдық жұмысы барысында мыңдаған сәби дүниеге келіп, көптеген отбасыларға білікті медициналық көмек көрсетілді. Акушерлік департамент ана мен бала денсаулығын қорғау ісіне елеулі үлес қосып, өз жұмысын жалғастыруда.

Кішкентай Кәусарға зор денсаулық, бақытты балалық шақ және жарқын болашақ тілейміз! Оның отбасында әрдайым сүйіспеншілік, бейбітшілік, береке мен молшылық орнасын!