fbpx
103

НКЦЭМ

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы

© НКЦЭМ — Национальный координационный центр экстренной медицины Скорая помощь: 103

2026 жылғы 4-5 шілдеде Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында «Инсульт мектебі – 2026» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Конференцияны ҰШМҮО Басқарма Төрағасы Әділбеков Ержан Боранбайұлы құттықтау сөзбен ашты.

Іс-шараға Қазақстанның жетекші мамандары, Австралия, Үндістан, Испания, Ресей және Украинадан келген халықаралық сарапшылар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері қатысты.

Конференция барысында инсульттің алдын алу, диагностикалау, емдеу және оңалтудың заманауи тәсілдері талқыланды. Қатысушылар халықаралық тәжірибемен алмасып, инсульт қызметін одан әрі дамытуға қатысты өзекті мәселелерді қарастырды.

Іс-шара аясында инсультті емдеудің заманауи тәсілдеріне арналған мастер-класстар, дәрістер және пікірталастар өткізілді, клиникалық тәжірибедегі негізгі шешімдер талқыға түсті.

Жыл сайын өткізіліп келе жатқан «Инсульт мектебі» конференциясы халықаралық тәжірибе алмасуға, заманауи тәсілдерді талқылауға және оларды клиникалық тәжірибеге енгізуге арналған жетекші кәсіби алаң болып табылады.