fbpx
103

НКЦЭМ

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы

© НКЦЭМ — Национальный координационный центр экстренной медицины Скорая помощь: 103

 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енеді. Аталған Конституция әрбір азаматтың денсаулығын қорғау және медициналық көмек алу құқығын бекітеді.

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы Медициналық авиация департаментінің басшысы Ырымбаева Назгүл Жарасқызы жаңа Конституция туралы өз пікірімен бөлісті.

Медициналық авиация – шұғыл және өмірге қауіп төндіретін жағдайларда жедел медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін аса маңызды қызмет. Біздің негізгі міндетіміз – шалғай елді мекендердегі пациенттерге уақтылы медициналық көмек көрсету, оларды мамандандырылған медициналық ұйымдарға тасымалдауды ұйымдастыру және тасымалдаудың барлық кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Сонымен қатар, медициналық көрсетілімдерге сәйкес шетелдік медициналық ұйымдарда ем алып жатқан пациенттерді Қазақстанға тасымалдау жүзеге асырылады. Бұл оларды Қазақстандағы бейінді медициналық ұйымдарға дер кезінде жеткізіп, өмірі мен денсаулығын сақтап қалу мүмкіндігін арттыруға ықпал етеді.

Мемлекет денсаулық сақтау жүйесін дамытуға ерекше көңіл бөліп, халыққа қолжетімді әрі сапалы медициналық көмек көрсету үшін қолайлы жағдай жасап келеді.