Стамбулда халықаралық медициналық тәжірибе алмасу өтті
2026 жылғы 1-2 шілде аралығында Стамбулда (Түркия) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) министрлік конференциясы өтті. Іс-шара жер сілкінісі кезінде халық денсаулығын қорғау және төтенше жағдайларда санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті күшейту мәселелеріне арналды.
Конференцияға Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы мен Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының Басқарма төрағасы Әділбеков Ержан Боранбайұлы қатысты.
Жиынға денсаулық сақтау органдарының, халықаралық ұйымдардың және сала мамандарының өкілдері қатысып, жер сілкіністері кезіндегі төтенше жағдайларға денсаулық сақтау жүйесінің дайындығын арттыру мәселелерін талқылады. Ерекше назар санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті күшейтуге, жедел әрекет ету тетіктерін дамытуға, медициналық эвакуацияны жетілдіруге және медициналық инфрақұрылымның тұрақтылығын арттыруға аударылды.
Іс-шара барысында қатысушылар апат жағдайында медициналық көмекті ұйымдастыру бойынша халықаралық тәжірибе мен озық тәжірибемен алмасты. Сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты дамыту және төтенше жағдайларға дайындықты күшейту мәселелері қарастырылды.