fbpx
103

НКЦЭМ

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы

© НКЦЭМ — Национальный координационный центр экстренной медицины Скорая помощь: 103
2026 жылғы 2 шілдеде Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында «Әділет» партиясының Астана қаласы бойынша «Бірлік» филиалының басшысы Ақтайлакова Гүлмира Нұрланқызы, Конституциялық кеңестің мүшесі Башимов Марат Советұлы және партия мүшелерінің қатысуымен кездесу өтті. Кездесудің басты тақырыбы – 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген Жаңа Конституция болды. Қатысушылар Жаңа Конституцияның ел болашағына бағытталған маңызды қадам екенін, оның азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге, қоғамның тұрақты дамуына және денсаулық сақтау жүйесін одан әрі жетілдіруге жаңа мүмкіндіктер ашатынын жеткізді. Сондай-ақ бұл өзгерістер халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға ықпал ететіні атап өтілді.