fbpx
103

НКЦЭМ

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы

© НКЦЭМ — Национальный координационный центр экстренной медицины Скорая помощь: 103

2026 жылғы 23–24 маусым күндері Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында «Мидың қан айналымының жедел бұзылыстары кезіндегі сәулелік диагностиканың қағидаттары» тақырыбында шеберлік сабағы өтті.

Іс-шараға қатысушылар алдында ҰШМҮО Басқарма төрағасы Әділбеков Ержан Боранбайұлы құттықтау сөз сөйледі.

Шеберлік сабағының спикері ретінде медицина ғылымдарының кандидаты, Мәскеу қаласы Денсаулық сақтау департаментіне қарасты И.В. Давыдовский атындағы қалалық клиникалық аурухананың сәулелік және функционалдық зерттеулер бөлімшесінің меңгерушісі Кирилл Николаевич Журавлев сөз сөйледі.

Іс-шара барысында мидың қан айналымының жедел бұзылысына (МҚАЖБ) күдік туындаған пациенттерді бағыттау мәселелері, тамырлық орталықтағы сәулелік диагностика дәрігерінің рөлі, мультидисциплинарлық команданың өзара іс-қимылы, уақыт нормативтерін сақтау, сондай-ақ тәжірибеде кездесетін типтік қателіктер мен клиникалық жағдайлар қарастырылды.

Қатысушылар инсультті диагностикалаудың заманауи тәсілдері туралы өзекті білім алып, МҚАЖБ бар пациенттерге медициналық көмек көрсетудің тиімділігін арттыру жолдарын талқылап, кәсіби тәжірибе алмасты.

Шеберлік сабағының қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.