Кәсіби мереке — Медицина қызметкері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Жедел медициналық жәрдем қауымдастығының шешімімен жоғары кәсібилігі және шұғыл медициналық көмек жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Сәрсенбаева Гүлнар Еділқызы «Ардагер» медалімен марапатталды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Саурова Самал Жұмабайқызы «Үздік қызметкер» медалімен марапатталды.
Гүлнар Еділқызы мен Самал Жұмабайқызын лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!
Оларға зор денсаулық, бақ-береке, сарқылмас күш-қуат, жаңа жетістіктер және Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау жолындағы қызметтеріне толағай табыс тілейміз.