Медицина қызметкері күні қарсаңында Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының өкілдері жоғары мемлекеттік наградаларға ие болды.
ҰШМҮО Басқарма Төрағасы Әділбеков Ержан Боранбайұлы «Шапағат» медалімен марапатталды.
ҰШМҮО Телемедицина және қашықтықтан медициналық қызмет көрсету департаментінің басшысы Жарқымбеков Бақыт Қалжешұлы «Құрмет» орденімен марапатталды.
Бұл марапаттар денсаулық сақтау жүйесін дамытуға, халыққа сапалы медициналық көмек көрсетуге бағытталған көпжылдық еңбектің, жоғары кәсібиліктің және өз ісіне адалдықтың жоғары бағасы болып табылады.
ҰШМҮО ұжымы Ержан Боранбайұлы мен Бақыт Қалжешұлын лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтайды!
Сіздерге зор денсаулық, амандық, сарқылмас күш-қуат, жаңа кәсіби жетістіктер мен отандық денсаулық сақтау саласының игілігі жолындағы еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз.