Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының Медициналық авиация департаментінің дәрігері жұмысы туралы айтып берді.
Қызметкерлер күн сайын маңызды миссияны атқарады. Шұғыл медициналық көмекті уақтылы көрсету, пациенттерді елдің ең шалғай аймақтарына және шетелден жеткізуді қамтамасыз етеді. Олардың кәсібилігі мен үйлесімді жұмысының арқасында жүздеген пациент өмірлік маңызды сәттерде қажетті көмекті алады.
Медициналық авиация — бұл жоғары жауапкершілік, жедел шешім қабылдау және тәулік уақыты мен қашықтыққа қарамастан кез келген жағдайда жұмыс істеуге дайындық.
Олардың еңбегі — құтқарылған өмірлер, пациенттер мен олардың отбасылары үшін үміт пен сенім.
Медицина қызметкерлеріне еңбегі, кәсібилігі және өз ісіне адалдығы үшін алғыс білдіреміз!