Халықаралық ынтымақтастықты дамыту және озық тәжірибе алмасу аясында Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының Басқарма төрағасы Әділбеков Ержан Боранбайұлы, Комбустиологиясы бар іріңді-септикалық хирургия департаментінің басшысы Жомарт Жалғасбаев пен урология департаментінің басшысы Роман Кимнің жетекшілігіндегі делегация Қытай Халық Республикасының Нанкин қаласындағы «Tuodao Medical Technology» компаниясына барды.
Сапар барысында ҰШМҮО мамандары денсаулық сақтау саласында қолданылатын заманауи медициналық технологиялармен және инновациялық шешімдермен танысып, медициналық үдерістерді цифрландыру тәжірибесін зерделеді. Сонымен қатар, ынтымақтастықты дамыту мен тәжірибе алмасудың перспективалы бағыттары талқыланды.
Мұндай кездесулер озық тәжірибелерді енгізуге, мамандардың кәсіби құзыреттерін арттыруға және халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсарту мақсатында халықаралық әріптестікті нығайтуға ықпал етеді.