Медицина қызметкелері күніне орай ұйымдастырылған #МеніңСүйіктіДәрігерім флешмобы аясында Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының Балалар травматология пункті мамандарына арналған алғыс сөздерімен бөлісеміз.
Ақпан айында ашылған Балалар травматология пункті тәулік бойы жарақат алған балаларға шұғыл медициналық көмек көрсетеді. Күн сайын дәрігерлер мен мейіргерлер кішкентай пациенттерге кәсіби біліктілікпен, қамқорлықпен және жанашырлықпен көмек көрсетіп келеді.
Ата-аналар қызметкерлерге мейірімді қарым-қатынасы, жанашырлығы және сапалы медициналық көмегі үшін ризашылығын білдіреді. Олардың қажырлы еңбегінің арқасында балалар қажетті емін дер кезінде алып, ата-аналар өз баласының денсаулығы сенімді қолда екеніне көз жеткізеді.
Барлық медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Ерен еңбектеріңіз, мамандыққа адалдық және пациенттерге деген қамқорлықтарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз.
Call-орталық: 8 (7172) 573534