2026 жылғы 8 маусымда Жезқазған қаласынан Алматы қаласына тыныс жолдарында бөгде зат (орналасуы нақты анықталмаған) диагнозымен 2025 жылы туған пациент тасымалданды.
Тасымалдауды Алматы қаласындағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы өкілдігінің медициналық авиация мобильдік бригадасының дәрігері Рябинина Елена Владимировна және №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының реаниматолог-дәрігері Әбдірахманов Данияр Савирдинұлы жүзеге асырды.
Медициналық авиация мамандарының үйлесімді жұмысының арқасында пациент дер кезінде бейінді медициналық мекемеге жеткізіліп, оған қажетті медициналық көмек көрсетілді.
Жүргізілген емдік араласу нәтижесінде баланың бронхтарынан пластикалық бөгде зат алынды. Қазіргі уақытта бала мамандардың бақылауында.