fbpx
103
НКЦЭМ

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы

© НКЦЭМ — Национальный координационный центр экстренной медицины Скорая помощь: 103

2026 жылғы 1 маусымда айында Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына Ставрополь қаласынан (РФ) 1987 жылы туған пациент түсті. Диагнозы: долихосигма, мегаколон және Пайра ауруы. Кешенді тексеру жүргізілгеннен кейін, оның ішінде виртуалды КТ-колоноскопия да жасалып, диагноз расталды. Консилиум қорытындысы бойынша ҰШМҮО мамандары хирургиялық ем жүргізу туралы шешім қабылдады. Пациентке трансверзо-ректоанастомозды «бүйір-бүйір» тәсілімен циркулярлы тігіс аппараты арқылы қалыптастырумен аз инвазивті лапароскопиялық операция сәтті орындалды, сондай-ақ іш қуысын санациялау және дренаждау жүргізілді. Операция сәтті өтті. Қазіргі уақытта пациент комбустиологясы бар іріңді-септикалық хирургия департаменті мамандарының бақылауында болып, қажетті операциядан кейінгі ем қабылдап жатыр. Медициналық команданың кәсібилігі мен заманауи хирургиялық емдеу әдістерінің арқасында пациенттің жағдайы оң динамикамен бағалануда. Пациентке тезірек сауығып кетуін тілейміз!