fbpx
103
НКЦЭМ

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы

© НКЦЭМ — Национальный координационный центр экстренной медицины Скорая помощь: 103

Халықаралық ынтымақтастықты дамыту және шұғыл медицина саласындағы тәжірибе алмасу аясында Басқарма төрағасы Әділбеков Ержан Боранбайұлы мен Басқарма төрағасының орынбасары Сапаров Асхат Ишанғалиұлы бастаған Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының делегациясы Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің Н.И. Пирогов атындағы Апаттар медицинасы федералдық орталығына жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында ҰШМҮО өкілдері Ресей Федерациясының Апаттар медицинасы қызметінің жұмысын ұйымдастыру тәжірибесімен, шұғыл медициналық көмекті үйлестіру жүйесімен, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде ведомствоаралық өзара іс-қимыл тетіктерімен танысты.

Кездесу қорытындысы бойынша ҰШМҮО мен Апаттар медицинасы федералдық орталығы арасында серіктестік қатынастарды дамытуға, тәжірибе мен үздік практикалар алмасуға, бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды іске асыруға, сондай-ақ шұғыл медицина саласындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандумға қол қою халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болып табылады және Қазақстан Республикасының шұғыл медициналық көмек көрсету жүйесін одан әрі жетілдіруге ықпал етеді.