fbpx
103
НКЦЭМ

Национальный координационный центр экстренной медицины

© НКЦЭМ — Национальный координационный центр экстренной медицины Скорая помощь: 103

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні!

Бүгін елімізде маңызды мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні атап өтілуде.

Осы айтулы күні Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының ұжымы жұмыс күнін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан бастады. Бұл мемлекеттік рәміздерге деген құрметтің, Отанға деген сүйіспеншіліктің және патриоттық құндылықтарға адалдықтың айқын көрінісі.

1992 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасы ресми түрде бекітілді. Бұл күн тәуелсіз Қазақстан тарихында ерекше орын алады және мемлекетіміздің қалыптасу жолындағы маңызды кезеңдердің бірі болып саналады.

Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран – еліміздің тәуелсіздігін, егемендігін және ұлттық бірлігін айшықтайды. Олар Қазақстан халқының тарихын, мәдениетін, құндылықтарын және жарқын болашаққа деген ұмтылысын бейнелейді.

Баршаңызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Елімізге бейбітшілік пен тұрақтылық, әр шаңыраққа амандық пен бақ-береке, мемлекетімізге қарқынды даму мен жаңа жетістіктер тілейміз!

Мереке құтты болсын! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!