fbpx
103
НКЦЭМ

Национальный координационный центр экстренной медицины

© НКЦЭМ — Национальный координационный центр экстренной медицины Скорая помощь: 103

 

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының Іс жүргізу және мемлекеттік тіл бөлімінің бас маманы Бақтиярова Меруерт Оралқызы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі және С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ұйымдастыруымен өткен «Мемлекеттік тіл – менің тілім» республикалық конкурсында «Үздік сайт» аталымы бойынша І дәрежелі дипломға ие болды.

Сонымен қатар, мемлекеттік тіл саясатын дамытуға және оны ілгерілетуге қосқан жеке үлесі үшін Меруерт Оралқызы төсбелгімен марапатталды.

Бұл маңызды жетістік ҰШМҮО ұжымының мемлекеттік тілді дамыту, қолдау және насихаттау бағытындағы жүйелі әрі тұрақты жұмысының нәтижесі болып табылады.

ҰШМҮО ұжымы атынан шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта кәсіби табыстар, жаңа жетістіктер мен шығармашылық шабыт тілейміз!