Балаларды қорғау күніне орай Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы балалар травпунктінің қызметкерлері кішкентай пациенттерін мерекемен құттықтады.
1 маусым күні медициналық көмекке жүгінген балалар қажетті ем алып қана қоймай, мерекелік көңіл-күйге де бөленді. Медицина қызметкерлері бүлдіршіндерге шағын сыйлықтар табыстап, жылы лебіздері мен тез сауығып кетулеріне арналған ақ тілектерін жеткізді.
Бұл бастаманың басты мақсаты – балаларға қолдау көрсету, олардың жүздеріне күлкі сыйлап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлау. Себебі аз ғана ықылас пен қамқорлықтың өзі кішкентай пациенттердің өздерін ерекше сезініп, жанашырлықты сезінуіне ықпал етеді.
Әрбір бала дені сау, бақытты болып, мейірім мен қамқорлыққа бөленіп өссін!
Балаларды қорғау күні құтты болсын!