22-25 мамыр аралығында, Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының жергілікті кәсіподағы кәсіподақ мүшелерінің балалары арасында сурет байқауын ұйымдастырды.
Шығармашылық сайысқа 12 жасқа дейінгі 11 бала қатысты. Байқаудың тақырыбы — «Мен және менің отбасым».
Бүгін байқау қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар анықталды.
Сурет байқауының нәтижесі бойынша:
1 орын — Берікқызы Аяна
2 орын — Дарбай Шұғыла
3 орын — Шынжырбай Дінмұхамед
Барлық қатысушыларға шығармашылық қабілеті, еңбегі және өнерге деген сүйіспеншілігі үшін шынайы алғыс білдіреміз. Әрбір сурет өзінше ерекше және қайталанбас болды.
1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күнімен барлық балаларды шын жүректен құттықтаймыз! Әр бала бейбіт өмірде, бақыт пен мейірімге бөленіп өссін.