2026 жылғы 27 ақпанда Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының мамандары «Центр плова» кафесіндегі жарылыс салдарынан зардап шеккендерге консультациялық және медициналық көмек көрсету мақсатында Щучинск қаласына жіберілді.
Ауыр халдегі, термиялық күйіктері және күйік шогы бар бес пациент медициналық авиация желісі арқылы ҰШМҮО-ға жеткізілді.
Ауруханаға жатқызылғандар арасында:
* ерлі-зайыптылар — 1990 ж.т. ер адам және 1989 ж.т. әйел адам;
* 1977 ж.т. ер адам;
* 1988 ж.т. ер адам;
* 2006 ж.т. әйел адам.
Қазіргі уақытта үш пациент комбустиология бар іріңді-септикалық хирургия және департаментінде ем қабылдауда. Екі пациент Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия департаментінде жатыр.
Зардап шеккендердің жалпы жағдайы ауыр деп бағалануда. Оларға барлық қажетті мамандандырылған медициналық көмек көрсетілуде.
Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының ұжымы қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Зардап шеккендерге тезірек сауығып кетулерін тілейді??