fbpx

KZ

2026 жылғы 26 ақпанда Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А. Ш. Рүстемованың төрағалығымен 2025 жылдың қорытындысы бойынша “жедел медициналық көмек қызметі және медициналық авиация” және “травматологиялық көмек” бағыттары бойынша Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Отырыс барысында есепті кезеңдегі қызметтің негізгі көрсеткіштері, шұғыл медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мәселелері қаралды, сондай-ақ 2026 жылға арналған басым міндеттер айқындалды.

FaLang translation system by Faboba