ҰШМҮО Оқу-тренингтік орталығының базасында күн сайын алғашқы медициналық көмек көрсету, базалық жүрек-өкпе реанимациясы, ересектер мен балаларға арналған кеңейтілген реанимация, сондай-ақ жарақаттар кезінде ауруханаға дейінгі кезеңде алғашқы көмек көрсету бойынша оқыту сабақтары өткізіледі.
Оқыту халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізіледі
Заманауи симуляторлар мен тренажёрлар қолданылады
Тәжірибелік дағдылар нақты жағдайларға барынша жақын ортада пысықталады
Сабақтар толық жабдықталған оқу залдарында өтеді
Жүректің кенеттен тоқтауы, жол-көлік оқиғалары, тұрмыстық жарақаттар — мұндай жағдайларда адам өмірі айналасындағылардың жылдам әрі сауатты әрекет етуіне тікелей байланысты.
ҰШМҮО-да оқудан өту төтенше жағдайда абдырап қалмай, адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.
Оқыту мәселелері бойынша келесі телефон нөмірлеріне хабарласуға болады:
8 (7172) 57-30-44, 57-30-46