fbpx
103
НКЦЭМ

Национальный координационный центр экстренной медицины

© НКЦЭМ — Национальный координационный центр экстренной медицины Скорая помощь: 103

2025 жылдың 13 қарашасында Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының дәрігерлері Ауғанстан еліне гуманитарлық көмек көрсету мақсатында сапарға аттанды.

Бұл миссия Премьер-Министрдің орынбасары К. Бозымбаевтың тапсырмалары аясында жүзеге асып отыр. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі құрған мамандар тобына нейрохирургтар, травматологтар, хирургтар, урологтар және өзге де жоғары білікті дәрігерлер кірді.

Қазақстандық мамандар екі апта бойы Кабул қаласында жергілікті халыққа медициналық көмек көрсететін болады.

Қазақстан дәрігерлерінің адам өмірін сақтауға бағытталған игі еңбегі — еліміздің гуманитарлық миссиясының маңызды бөлігі.