fbpx

KZ

2025 жылғы 31 қазан күні Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында Орталық Азия аритмология саммитінің екінші күні өтті. Бұл маңызды халықаралық іс-шара жүрек ырғағының бұзылыстарын диагностикалау мен емдеудің өзекті мәселелерін талқылауға, сондай-ақ заманауи ғылыми жетістіктермен тәжірибе алмасуға арналған кәсіби алаң болды.

Саммитке Қазақстанның жетекші аритмологтарымен қатар Түркия, Австрия, Корея Республикасы, Қытай, Польша, Әзербайжан, Германия, Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен келген білікті мамандар қатысты.

Саммит жүрек ырғағы ауруларымен күрес саласында аймақтық ынтымақтастықты нығайтуға және аритмология ғылымының әрі қарай дамуына серпін берген маңызды оқиға болды.

FaLang translation system by Faboba