fbpx

KZ

2025 жылғы 30–31 қазан күндері Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Еуропалық жүрек ырғағы қауымдастығы, Дүниежүзілік аритмия қоғамы мен Қазақ аритмологтар қоғамы, Жібек жолы жүрек ырғағы қоғамы, Астана медицина университеті және Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының ұйымдастыруымен Орталық Азия Аритмология Саммиті өтуде.

Екі күнге созылатын іс-шара барысында аритмология саласындағы өзекті мәселелер кеңінен талқыланады .Саммитке еліміздің аритмология саласының жетекші мамандары мне бірге Түркия, Австрия, Корея, Қытай, Польша, Әзербайжан, Германия, БАӘ, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Өзбекстанның сарапшылары қатысып жатыр.

 Орталық Азия Аритмология саммиті – аритмология саласындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайтып, халықаралық серіктестіктің жаңа кезеңін ашуға бағытталған маңызды қадам болмақ.

 

FaLang translation system by Faboba