fbpx
103
НКЦЭМ

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы

© НКЦЭМ — Национальный координационный центр экстренной медицины Скорая помощь: 103

2025 жылғы 16 қазанда Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері, құралдарымен өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті.

Оқу-жаттығу барысында шартты өрт туындаған жағдайда персоналдың іс-қимылдары пысықталды. Дыбыстық сигнал берілгеннен кейін мекеме қызметкерлерінің мүмкіндігінше толық эвакуациясы ұйымдастырылды.
Пациенттер медициналық персоналдың бақылауында палаталарда қалды.

Өрт-тактикалық оқу-жаттығуы жоспарға сәйкес, ұйымдасқан жүзеге асты. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты — төтенше жағдайлар кезінде персонал мен ТЖД бөлімшелерінің өзара іс-қимылын пысықтауы толық орындалды.