fbpx

KZ

 2025 жылғы 19 маусымда Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы 1960 жылы туған, ауыр халде жатқан Қазақстан Республикасының азаматына халықаралық медициналық эвакуация ұйымдастырды. Пациентке омыртқаның жабық сынығы, жұлынның зақымдануы, тетраплегия диагнозы қойылған.

Медициналық көмек көрсету үшін тасымалдау Шарм-эль-Шейх – Көкшетау бағыты бойынша ТОО «Alaman Air» компаниясына тиесілі Bombardier Challenger (CRJ200) әуе кемесімен жүргізілді. Ұшу барысында пациентті дәрігер Бейсенов А. мен фельдшер Садвакасов Ж. бақылап отырды.

2025 жылғы 20 маусымда пациент Көкшетау қаласындағы көпбейінді облыстық ауруханаға жеткізіліп, жансақтау және қарқынды терапия бөліміне (ОРИТ) жатқызылды.

Барлық командаға медицина қызметкерлері мен ұшқыштарға кәсіби, үйлесімді жұмысы мен өз ісіне адалдығы үшін алғысымызды білдіреміз.

FaLang translation system by Faboba