2025 жылғы 18 маусымда Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында Ұлыбритания, Сауд Арабиясы, Сингапур және Франция елдерінен келген халықаралық делегацияның жұмыс сапары өтті.
Делегация құрамында:
▪️ Тарек Кашур — кардиология профессоры, Ribal компаниясының бас директоры, халықаралық бастаманың жетекшісі (Сауд Арабиясы)
▪️ Сахрил Махмуд — бизнес-стратегия саласындағы сарапшы (Сауд Арабиясы)
▪️ Мохаммед Лараби — технологиялық кеңесші (Франция)
▪️ Абдельрафур Худан — дәрігер және бизнес-кеңесші (Сауд Арабиясы)
▪️ Сатиш Пиллай — бизнес-процестер мен стратегия бойынша кеңесші (Сингапур)
▪️ Билал Шукри — бренд стратегиясы бойынша кеңесші (Ұлыбритания)
Сапар барысында қонақтар ҰШМҮО қызметімен танысып, орталықтың жоғары деңгейде ұйымдастырылуын, кәсіби мамандар құрамын және заманауи техникалық жабдықталуын жоғары бағалады.