2025 жылғы 30 мамырда Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы Әзербайжан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтау ұйымдарын аккредиттеу және сапаны бақылау орталығының делегациясын ресми сапармен қабылдады. Делегацияға аталған орталықтың Басқарма Төрағасы Орхан Шукуров жетекшілік етті.
Сапар аясында қонақтар ҰШМҮО-ның негізгі қызмет бағыттарымен танысып, қабылдау бөлімі, операциялық және диагностикалық блоктардың жұмысын, сондай-ақ Оқу-жаттығу орталығы мен Ситуациялық орталықтың қызметін көзбе-көз көріп, жоғары бағасын берді.
Айта кету керек, бұл сапар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен, «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық денсаулық сақтауды дамыту ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК-мен бірлесіп ұйымдастырылып, денсаулық сақтау саласындағы халықаралық әріптестікті нығайту жолындағы маңызды қадам болды.