fbpx

KZ

1  – маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының Оқу-жаттығу орталығы «Алғашқы медициналық көмек» тақырыбында танымдық шеберлік сабағын өткізді.

Іс-шара барысында балалар алғашқы медициналық көмектің негізгі қағидаларымен танысып, түрлі практикалық тапсырмаларды орындады. Олар белсенділік танытып, күнделікті өмірде қажет болуы мүмкін маңызды білім мен дағдыларды меңгерді. Шеберлік сабағының соңында барлық қатысушыларға аты-жөні жазылған сертификаттар табыс етілді.

Балаларды қорғау күніне арналған бұл іс-шара балаларға жағымды әсер сыйлап қана қоймай, қауіпсіздік және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау дағдыларын ерте жастан қалыптастыруға үлес қосты.

FaLang translation system by Faboba