fbpx

KZ

2025 жылғы 13 мамырда «Шұғыл медицинаның заманауи тұжырымдамалары мен даму перспективалары» тақырыбындағы Халықаралық конференция мен «Еуразиялық шұғыл медицина қоғамдастығы» халықаралық үкіметтік емес коммерциялық емес ұйымының III съезінің ашылуы өтті.
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов құттықтау сөз сөйледі. ҰШМҮО Басқарма Төрағасы Ержан Әділбеков Еуразиялық шұғыл медицина қоғамдастығының мүшелері мен қонақтарын ресми түрде таныстырды.
Бұл іс-шараны Қазақстан Республикасының Жедел медициналық жәрдем қауымдастығы мен Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы (ҰШМҮО) ұйымдастырды.
Конференцияға Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Үндістан және Түркиядан шұғыл медицинаның жаңа технологияларын әзірлеу мен енгізу саласында тәжірибесі бар шетелдік сарапшылар қатысты.

FaLang translation system by Faboba