fbpx

KZ

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы мен «Amanat» партиясының бастауыш ұйымы соғыс және тыл ардагерлерін қолдау мақсатында акция өткізді.

Іс-шара аясында ҰШМҮО-ның білікті дәрігерлері мен фельдшері 90 жастағы тыл еңбеккері Дарменов Молдағалидің үйіне барып, медициналық тексеру жүргізіп, оның нәтижесі бойынша ардагерді ауруханаға жатқызып, әрі қарай ем қабылдауына жағдай жасалды. Бірнеше күн бойы мамандардың бақылауында ем қабылдаған ардагер көрсетілген кәсіби көмек үшін шынайы алғысын білдірді.

Дарменов Молдағали – соғыс жылдарында тылда аянбай еңбек еткен. Оның жанқиярлық еңбегі мен қайсарлығы бүгінгі ұрпақ үшін өлшеусіз үлгі болып табылады.

Бұл акция – ардагерлерге деген ризашылық пен құрметтің жарқын көрінісі. Олардың ерлігі  біздің жүрегімізде, жадымызда мәңгі сақталады.

FaLang translation system by Faboba