Қытай Халық Республикасының Сиань қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау министрлерінің Сегізінші кеңесіне Қазақстан тарапынан «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» Басқарма Төрағасы Әділбеков Ержан Боранбайұлы қатысты. Қазақстан делегациясын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов бастап барды.
Кеңес аясында қатысушылар шұғыл медицинаның дамуы, медициналық көмекті жетілдіру, денсаулық сақтау саласына цифрлық технологияларды енгізу, сондай-ақ дәстүрлі медицинаны ілгерілету мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, іс-шараға қатысушылар Сиань университетінің Цзяотун бірінші ауруханасы жанындағы Құрлықтық порттың Халықаралық ауруханасы кампусын аралап, медициналық қызметтің ұйымдастыру жүйесі және инфрақұрылымдары, көмек көрсетудегі инновациялық тәсілдерімен танысты.