fbpx

KZ

2025 жылдың 23 сәуірінде жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен пациентті шұғыл түрде медициналық эвакуациялау операциясы жүргізілді. 1991 жылы туған әйел адам көптеген сүйек сынықтарымен Риддер қаласынан Өскеменге ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ-ның «МИ-8» тікұшағымен жеткізілді.

Тасымалдауды ҰШМҮО медициналық авиацияның мобильдік бригадасы жүзеге асырды. Бригада құрамында дәрігер-реаниматолог Рим Мендыбаев пен фельдшер Лариса Величко болды.

Медициналық қызметкерлердің кәсібилігі мен ұшқыштар тобының үйлесімді жұмысының арқасында пациент дер кезінде және қауіпсіз түрде облыс орталығына медициналық көмек алу үшін жеткізіліп орналастырылды.

FaLang translation system by Faboba